Accessibility links

Алматыдан 570 километрде жер сілкінді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 00:22 кезінде Алматыдан шығысқа қарай 570 километрде 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, бес километрге дейінгі тереңдікте болған. Энергетикалық класы - 9,9 деп хабарланды.

Жер сілкінісі Алматы аймағында сезілмеген. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG