Accessibility links

Ресейде аймақ сайлаулары өтіп жатыр


Ресейдегі сайлау учаскелердің бірінде сайлау бюллетеньдерін тастауға арналған жәшікті орнатып жатқан әскери қызметшілер. (Көрнекі сурет)
Ресейдегі сайлау учаскелердің бірінде сайлау бюллетеньдерін тастауға арналған жәшікті орнатып жатқан әскери қызметшілер. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ресейдің 83 аймағында сайлаушылар әртүрлі деңгейдегі билік органдарын сайлауға дауыс беріп жатыр.

Ел бойынша ең алғашқы болып Камчаткада ашылған сайлау учаскелерінде сайлаушылар дауыс беруді бастады.

Бұл жолы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қоса Қиыр Шығыстағы төрт аймақ – Камчатка, Сахалин, Амур және Еврей автономиялық облыстарында губернаторлар сайлауы өтеді.

Ресей орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бұл сайлау елдегі дауыс беруге құқығына ие 60 миллионға жуық азаматты қамтиды.

XS
SM
MD
LG