Accessibility links

Үндістанда екі жарылыс пен өрттен 85 адам өлген


Жарылыс болған жерде тұрған адамдар. Петлавад, Үндістан, 12 қыркүйек 2015 жыл.

Жарылыс болған жерде тұрған адамдар. Петлавад, Үндістан, 12 қыркүйек 2015 жыл.

Үндістанда мейрамхана асханасындағы газ балоны жарылысынан шыққан өрттен соң екінші жарылыс болып, салдарынан кемінде 85 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жараланған. Зардап шеккендердің 15-і ауыр халде жатыр деп хабарланды.

Оқиға сенбі күні елдің орталық аймағындағы Петлавад қаласында болған. Алғашқы жарылыстан соң ол жерге көп адам жиналған сәтте өрт көрші үйдегі жарылғыш заттар сақталған бөлмені де шарпып, оның соңы екінші үлкен жарылысқа ұласқан. Өртенген үйдің шатыры төменде тұрған адамдарды басып құлаған.

Жарылыс екпіні жақын маңдағы бірнеше үйді де бүлдіріп, көптеген ғимараттың терезесін сындырған.

Полиция өкілінің айтуынша, екінші жарылысқа себеп болған шахта мен құдық қазған кезде пайдаланылатын жарылғыш детонаторлары мейрамханамен жапсарлас бөлмелерде заңсыз сақталған.

Билік орындары төтенше оқиғаның себептерін тексеруге кіріскенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG