Accessibility links

Венеция: "Алтын арыстан" жүлдесін Венесуэла фильмі алды


72-ші Венеция кинофестивалінің белгісі.

72-ші Венеция кинофестивалінің белгісі.

Биыл Венеция кинофестивалінің бас сыйлығы – «Алтын арыстан» жүлдесін Венесуэла режиссері Лоренсо Вигастың «Алыстан» (Desde alla) деп аталатын туындысы жеңіп алды.

«Күміс арыстан» – «Клан» (El Clan) атты драмасы үшін аргентиналық режиссер Пабло Трапероға берілді.

Үздік сценарий үшін берілетін сыйлыққа француз режиссері Кристиан Венсанның «Ақкіс» (L'hermine) фильмі ие болды.

Осы фильмде сот төрағасының рөлін сомдаған француз Фабрис Лукини мен «Сенің махаббатың үшін» (Per amor vostro) фильмінде ойнаған италиялық актриса Валерия Голино үздік актерлер деп танылды.

Қазылар алқасының үлкен сыйлығы Чарли Кауфман мен Дьюк Джонсонның «Аномализа» (Anomalisa) анимациялық фильміне берілді.

Түрік режиссері Емин Елпердің «Ессіздік» фильмі қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді.

Осымен 72-ші рет өткізілген Венеция кинофестивалінде биыл халықаралық қазылар алқасына «Оскар» сыйлығының иегері, мексикалық режиссер Альфонсо Куарон төрағалық етті.

XS
SM
MD
LG