Accessibility links

"Норман төрттігі" министрлері Берлинде кездесті


«Норман төрттігі» сыртқы істер министрлерінің кездесуі. Берлин, 13 сәуір 2015 жыл.
«Норман төрттігі» сыртқы істер министрлерінің кездесуі. Берлин, 13 сәуір 2015 жыл.

Берлинде Германия, Украина, Ресей және Франция сыртқы істер министрлері кездесіп, Донбастағы жанжалды саяси реттеу жолдарын талқылады.

ВВС-дің хабарлауынша, кездесуде Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин Киев Донбастың тек заңды сайланған өкілдерімен ғана келіссөздер өткізуге келісетінін, ал қазіргі өзін-өзі жариялап алған «халық республикалары» өкілдерін заңды деп мойындамайтынын мәлімдеген.

Кездесу қортындысында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров калибрі 100 миллиметрден кіші қаруды жанжал аймағынан алып кету туралы келісімнің «90 пайызы дайын» деп мәлімдеген.

Бұған дейін сенбі күні Севастопольде журналистермен кездесуде Ресей президенті Владимир Путин Минск келісімдерінің мерзімін жылжыту мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтып, бұл келісімдерге «балама жоқ» деп мәлімдеген.

«Бүгінгі таңда ең бастысы – [Украиналық] қарулы күштер мен Донбастың еріктілер батальоны деп аталатындар арасында атыс тоқтатылған» деген Путин.

Ол, сонымен бірге, Киев пен «Луганск және Донецк халық республикалары» арасында тура байланыс орнатып, аталған аймақтардың ерекше мәртебесі туралы Жоғарғы Рада мақұлдаған заңды жүзеге асыру қажеттігін айтқан.

XS
SM
MD
LG