Accessibility links

Меркель: Сирия мәселесін АҚШ және Ресеймен бірге реттеу керек


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель Сириядағы жағдайды саяси реттеуді Ресей және АҚШ-пен бірге ынтымақтасып атқару қажет деп санайды. Ол бұл туралы сенбі күні мәлімдеген.

Сол күні Берлинде Украина мәселесі бойынша «норман төрттігінің» жиыны барысында Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесуде Сирия мәселесін талқылаған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Штайнмайер мен Лавров БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистураның Сирия жанжалын реттеу үшін байланыс тобын құру туралы жоспарына қолдау білдірген.

Бұған дейін Стаффан де Мистура Сириядағы қарсылас тараптарды БҰҰ аясында саяси мәселелерді шешу, сонымен бірге әскери қақтығыстарды тоқтату және аймақта қауіпсіздікті қалпына келтірумен айналысатын жұмысшы топтарға қатысуға шақырған.

Сирия мемлекеттік ақпарат құралдары сенбі күні елге гуманитарлық жүк тиеген екі ресейлік ұшақ келгені туралы хабарлаған. Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі Сирияға босқындар лагеріне қажетті жабдықтар жібергенін мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG