Accessibility links

Бокс: Флойд Мэйвезер Андре Бертоны ұтты


Флойд Мэйвезер (ортада) Мэнни Пакьяоны жеңген соң. Лас-Вегас, АҚШ, 2 мамыр 2015 жыл.

Флойд Мэйвезер (ортада) Мэнни Пакьяоны жеңген соң. Лас-Вегас, АҚШ, 2 мамыр 2015 жыл.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Grand Garden Arena алаңында кәсіпқой бокстан сенбі күні кешке өткен 12 раундтық жекпе-жекте америкалық кіші Флойд Мэйвезер өз отандасы Андре Бертодан басым шықты. Төрешілер жеңісті Мэйвезерге беруді бірауыздан ұйғарған.

Осылайша Мэйвезер WBA және WBC дәрежелері бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағын қорғап, оған қоса бір кездегі әйгілі америкалық боксшы Рокки Марчианоның рекордын қайталады – екеуі де 49 жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтап, бірде бір рет жеңіліп көрмеген.

38 жастағы Флойд Мэйвезер биыл мамыр айында филлипиндік Мэнни Пакьяомен 12 раундтық кездесуде де жеңіске жеткен болатын.

Бұған дейін Бертомен жекпе-жектен кейін үлкен спортпен қоштасатынын айтқан Мэйвезер сенбі күні жеңісінен соң рингтен біржолата кететінін тағы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG