Accessibility links

Мюнхенге бір тәулікте 13 мың босқын барған


Тамақ ішіп отырған мигранттар. Мюнхен, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Тамақ ішіп отырған мигранттар. Мюнхен, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Австрия арқылы келіп жатқан босқындарды қабылдауға Мюнхеннің мүмкіндігі таусылды деп ескертті бүгін Германия полициясы.

Таңертеңнен бері Мюнхен вокзалына 700-ден аса мигрант келген, ал кеше онда келгендердің саны 12 мыңнан асқан.

Мигранттарды үш күннің ішінде арнайы поездармен Германияның басқа аймақтарына жеткізу жоспарланған.

Осының қарсаңында Сербия арқылы Венгрияға төрт мыңнан астам мигрант кірген еді. Будапешт босқындар ағынына тосқауыл қою үшін Сербиямен шекарада биіктігі төрт метрлік дуал орнатып жатыр. Қыркүйектің 15-інен бастап Венгрияда бұрынғыдан қатаңырақ миграция туралы жаңа заң күшіне енеді. Оған сәйкес, шекараны заңсыз кесіп өткен адамдар тұтқындалатын болады. Сонымен бірге елден өзіне баспана беруді сұраған адамға қатысты шешім қабылдау процесін жылдамдату көзделген.

2015 жылдың басынан бері Еуропа Одағы аумағына Таяу Шығыс пен Африкадан 400 мыңнан аса мигрант барған.

XS
SM
MD
LG