Accessibility links

Штайнмайер: Украина жайлы келіссөзде прогресс бар


Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Берлинде өткен «норман төрттігінің» кездесуінде Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу ісінде айтарлықтай прогреске қол жетті деп мәлімдеген.

Сенбі күні кешке Украина, Ресей және Франция сыртқы істер министрлерімен кеңесулер өткізгеннен кейін сөйлеген сөзінде Штайнмайер кейбір маңызды мәселелер бойынша алға жылжығандарын айтып, жақын уақытта қару-жарақтарды қарсы тараптар бір-бірімен шектесетін аймақтардан әкету туралы келісімге қол жетіп қалар деп үміттенетінін білдірген.

Штайнмайердің сөзінше, кездесуге қатысушылардың барлығы Донбастағы атысты тоқтату режимін күшейтіп, оны сақтау қажеттігін айтқан.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Берлиндегі келіссөздерден оң әсер алғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, конституциялық реформаларға, Донбастың мәртебесіне және басқа мәселелерге қатысты келіспеушілік болғанымен, оларды еңсеруге болады деген сенім қалыптасқан.

Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин Берлиндегі жиынға қатысушыларға бірнеше күннен соң осы құрамда БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында кездесуге мүмкіндік барын мәлімдеген.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы қыркүйектің 15-і күні Нью-Йоркте ашылмақ.

Германия, Ресей, Украина және Франция басшылары қазанның 2-і күні Парижде «норман форматында» кездеседі деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG