Accessibility links

Иерусалим: Әл-Ақса мешіті жанында қақтығыс болды


Әл-Ақса мешітіне жолды жауып тұрған Израиль қауіпсіздік күштері. Иерусалим, 26 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Әл-Ақса мешітіне жолды жауып тұрған Израиль қауіпсіздік күштері. Иерусалим, 26 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Иерусалимдегі Әл-Ақса мешіті жанында бүгін палестиндіктер мен Израиль полициясы арасында қақтығыс болған.

Еврейлердің жаңа жыл мерекесі қарсаңында мешітке кіріп бекініп алғандар өздерін күшпен шығармақ болған полицияға тас пен петардалар лақтырған. Кейін полициямен қақтығыс мешіт маңында жалғасқан.

Полиция қарсылық көрсеткендерге жас ағызатын газ шашып, қатты дыбыс шығаратын граната қолданған. Оқиғадан зардап шеккендердің нақты саны белгісіз.

Бұдан бірнеше күн бұрын Израиль қорғаныс министрі Моше Яалон Әл-Ақса мешіті тұрған жердегі Ғибадатхана тауын қасиетті орын санайтын еврейлердің мешіт аумағына келуіне қарсылық білдірген екі мұсылман тобына тыйым салу туралы бұйрық шығарған еді.

Әл-Ақса мешіті мұсылмандар үшін Мекке мен Мәдинеден кейінгі қасиетті орындарының бірі болып саналады.

XS
SM
MD
LG