Accessibility links

СІМ: Меккеде қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ


Құтқарушылар кран құлаған Әл-Харам мешітінде жүр. Мекке, 12 қыркүйек 2015 жыл.

Құтқарушылар кран құлаған Әл-Харам мешітінде жүр. Мекке, 12 қыркүйек 2015 жыл.

Меккеде Әл-Харам мешітіндегі апат салдарынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов

Сауд Арабиясы билігі жұма күні кешке мешітке құрылыс краны құлауының себептерін тексеріп жатыр. Оқиға салдарынан жүзден аса адам опат болып, екі жүзден аса адам зардап шеккен.

Кеше Сауд Арабиясы азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы апатқа жұма күні соққан күшті жел мен нөсер себеп болған деп мәлімдеген. Мешіт аумағын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқанына бірнеше жыл болған.

Әл-Харам мешітінің аумағында мұсылмандар үшін қасиетті Қағба орналасқан. Бұл күндері әлемнің әр түкпірінен мұсылмандар қажылық парызын өтеуге Сауд Арабиясына барып жатыр.

XS
SM
MD
LG