Accessibility links

Путин «гейлерді насихаттауға қарсы» заң авторын марапаттады


Санкт-Петербург заң шығару жиынының депутаты Виталий Милонов.

Санкт-Петербург заң шығару жиынының депутаты Виталий Милонов.

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург заң шығару жиынының депутаты Виталий Милоновты «Отанға сіңірген еңбегі үшін» екінші дәрежелі орденімен марапаттаған. Бұл туралы жарлық құқықтық ақпараттардың ресми интернет-порталында жарияланған.

Құжатта Милоновтың «заң шығарудағы белсенді қызметі және ұзақ жылдарғы адал еңбегі үшін» марапатталатыны айтылған.

Петербургтік депутат Милонов қоғам назарына ілінген бірқатар заң жобаларын ұсынған адам ретінде танылған. Ол – Ресейде 2012 жылы қабылданған «гомосексуализм мен педофилияны насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілік» туралы заңның авторы.

XS
SM
MD
LG