Accessibility links

"Астана" капитаны Фабио Ару - Вуэльта жеңімпазы


"Астана" командасы (Көрнекі сурет).
"Астана" командасы (Көрнекі сурет).

"Астана" командасының капитаны, италиялық велоспортшы Фабио Ару веложарыстағы гранд-турлар қатарына енетін "Вуэльта Испания" көпкүндігінде жеңіске жетті.

21 кезеңнен тұратын гранд-тур басында "Астана" командасының капитаны болған Виченцо Нибали жарыстан шеттетілген соң, капитандық міндет Фабио Аруға жүктелген еді.

Жалпы есептегі екінші орынды ресейлік "Катюша" командасының шабандозы испаниялық Хоаким Родригес, үшінші орынды польшалық Рафал Майк (Tinkoff-Saxo командасы) иеленді.

XS
SM
MD
LG