Accessibility links

Германия Австриямен шекараға тексеріс енгізбек


Берлинде тұрған босқын (Көрнекі сурет).
Берлинде тұрған босқын (Көрнекі сурет).

Германия ішкі істер министрі Томас де Майциердің айтуынша, неміс елі Австриямен шекарада уақытша тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Министр "бұл тексеріс темір жолда біраз кептеліс туғызуы мүмкін екенін, алайда Германияның бұл қадамға мигранттардың елге өтуін реттеу үшін және мигрант қабылдау шараларын жоспармен жүргізу үшін барғанын" айтты.

12 қыркүйек күні Германияға 13 мың мигрант өткен. Жыл соңына дейін бұл ел 800 мың босқын қабылдамақ. Қазірдің өзінде Германия бұл жоспарға жетіп қалды. Күн сайын Германияға мыңдаған мигрант келіп жатыр.

XS
SM
MD
LG