Accessibility links

Грекия жағалауында ондаған босқын мерт болды


Грекия жағалауларына келген сириялық босқындар.

Грекия жағалауларына келген сириялық босқындар.

Грекия жағалауында босқындар мінген қайық аударылып, 28 мигрант суға батып мерт болған. Олардың қатарында бірнеше бала бар.

Фармакониси аралының полицейлерінің мәлімдеуінше, мерт болғандардың саны өсуі мүмкін. Құтқырушылар 68 адамды құтқарса, отызы жағалауға өздері жеткен.

Грекия премьер-министрі қызметін атқарушы Василики Тану Еуроодаққа мигранттар мәселесін шешуге жедел іс шара қабылдауды тағы да ескертті.

Жыл басынан бері Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 430 мыңнан астам мигрант келген. 2748 босқын Еуропаға келер жолда қаза тапқан немесе іс-түссіз жоғалғандардың қатарына енген.

XS
SM
MD
LG