Accessibility links

Египет: Қарулы күштер қателесіп туристерге оқ атқан


Египеттік солдат (Көрнекі сурет).
Египеттік солдат (Көрнекі сурет).

Египет билігінің хабарлауынша, елдің қарулы күштері антитеррорлық операция кезінде қателесіп, 12 адамды атқан. Оққа ұшқандардың қатарында мексикалық туристер де бар.

Египет сыртқы істер министрлігі террористерге қарсы рейд кезінде полиция оқ атқан төрт көліктің ішінде туристер болған.

Мексика сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Египетте екі мексикалық турист мерт болған. Ондаған мексикалық туристер мен египеттіктер жарақат алған.

Египет сыртқы істер министрлігі осы іске қатысты тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG