Accessibility links

ЕО министрлері мигранттар мәселесін талқылайды


Германия-Австрия шекарасында тексерістен өтіп жатқан мигранттар. 14 қыркүйек 2015 жыл.

Германия-Австрия шекарасында тексерістен өтіп жатқан мигранттар. 14 қыркүйек 2015 жыл.

Бүгін Брюссельде Еуроодақ елдері ішкі істер министрлігінің жиыны өтеді. Жиын барысында министрлер мигранттар мәселесін талқылап, әл елдің босқындар қабылдау квотасын талқылайды.

Бұдан бөлек жиынға қатысушылар Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкердің бүкіл мигранттарды екі жылдың ішінде Еуропаға толық орналастыру жоспарын да қарастырады.

Жексенбі, 13 қыркүйекте Германия мигранттардың келуін реттеу үшін Австриямен шекараға тексеріс енгізді.

Ал Венгрия билігі 13 қыркүйекте елге 5809 мигрант кіргенін хабарлады. 15 қыркүйектен бастап Будапешт елге заңсыз кірген адамдарды тұтқындай бастайтынын мәлімдеді.

Жыл басынан бері Еуропаға Таяу Шығыс пен Африка елдерінен жарты миллионға жуық босқын келген.

XS
SM
MD
LG