Accessibility links

Астана мен Душанбе бірнеше құжатқа қол қойды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Душанбе. 14 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Душанбе. 14 қыркүйек 2015 жыл.

Душанбеде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон кездесу өткізіп, бірнеше құжатқа қол қойды.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан елін Тәуелсіздік күнімен және Гиссардың (Хисор) 3000 жылдығымен құттықтады.

Назарбаев кездесу кезінде "Қазақстан мен Тәжікстанды өзара құрмет пен сенімге негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстырады.Әлемдік экономикадағы қазіргідей күрделі жағдайда біздің бірлескен ынтымақтастықты дамытуға қажетті мүмкіндіктеріміз бар" деді.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартқа, екі ел үкіметті арасындағы ақпаратты техникалық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, екі ел сыртқы істер министрлері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

XS
SM
MD
LG