Accessibility links

Совет және Ресей саясаткері Юрий Афанасьев көз жұмды


Совет және Ресей саясаткері, тарихшы Юрий Афанасьев.
Совет және Ресей саясаткері, тарихшы Юрий Афанасьев.

Мәскеуде совет және Ресей саясаткері, тарихшы Юрий Афанасьев қайтыс болды.

81 жастағы Афанасьев Мәскеу мемлекеттік тарих және мұрағат институтының бұрынғы ректоры болған, Ресей гуманитарлық университетінің негізін салған. Ол 1980 жылдардың соңында тарих ғылымындағы кейбір жайттарды сынап мақалалар жазған. 1989 жылы ол СССР халық депутаты болып сайланған. СССР-дегі алғашқы парламенттік заңды оппозиция - Аймақтық депутаттар тобының тең төрағасы болды.

Афанасьев - "Демократиялық Ресей" қозғалысын құрушылардың бірі әрі тең төрағасы болған. Ол Михаил Горбачевке оппозция жағында болып, СССР халық депутаттары съезіне қатысушылардың коммунистік жүйеге бүйрегі бұратындарын "басқыншы, көнбіс көпшілік" деп айыптаған. Осыдан соң бұл сөз кең тараған теңеуге айналған.

1992 жылдардың басында Афанасьев "Демократиялық Ресей" басшылығының саясатымен келіспей, Марина Салье, Леонид Баткин, Юрий Буртин және Бэла Денисенкомен бірге қозғалыстан шығып кеткен.

1993 жылдың жазында Афанасьев саясаттан кететінін жариялаған.

XS
SM
MD
LG