Accessibility links

ЕО Ресейге қарсы санкцияны ұзартты


Кремль. (Көрнекі сурет)

Кремль. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағы (ЕО) бүгін ресейлік 200 компания мен заңды тұлғаға және Украина шығысындағы сепаратистерге қатысты санкция мерзімін 2016 жылдың наурызына дейін созды. Санкцияны ұзарту туралы шешімді ЕО елдері сыртқы істер министрлері мақұлдаған.

ЕО санкция тізіміне енгізілген 151 адамның көбі – бизнесмендер, депутаттар және Украина шығысындағы сепаратистер жетекшілері. Бұл тізімге Ресей президенті Владимир Путин мен министрлер кірмеген. Бірақ, тізімде Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Козак, президенттің көмекшісі Владислав Сурков бар. Тізімде бұған қоса Мәскеу Қырымды аннексиялағанда тәркілеген 13 заңды тұлға мен өзге 37 компания бар. ЕО санкция "Украинаның тәуелсіздігі, егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзу немесе қауіп төндірумен" байланысты дейді.

Санкцияны ұзарту шешімі ол туралы ақпарат 15 қыркүйекте ЕО-ның ресми басылымында жарияланғаннан соң күшіне енеді.

ЕО-ның Ресейге бұған дейін салған санкциясының мерзімі 15 қыркүйекте аяқталуы тиіс. Санкцияны ұзарту туралы шешімді ЕО елшілері қыркүйектің басында қабылдаған.

XS
SM
MD
LG