Accessibility links

Басқарма: 1 сынып оқушыларына сабақ уақыты өзгермейді


Астаналық оқушылар Олимпиада күні құрметіне жарысқа жиналған кез. Астана, 6 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Астаналық оқушылар Олимпиада күні құрметіне жарысқа жиналған кез. Астана, 6 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Астанадағы мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін сабақ уақыты өзгермейді деп хабарлады бүгін қалалық білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева.

Баспасөз жиынында сөйлеген Суханбердиеваның айтуынша, басқарма білім және ғылым министрлігімен бірге сабақты типтік ереже бойынша өткізуді қарастыратын, сабақ уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасаған. Ол егер сабақ уақыты өзгерсе, онда мұғалімдердің де жұмыс уақыты өзгеретінін, бірақ бірінші сынып оқушылары үшін сабақ уақыты өзгермейтінін айтқан. Ол ата-аналар арасында сауалнама жүргізіліп, "заңды шешім қабылдауға" тырысатындарын айтады.

10 қыркүйекте Астана әкімдігі қаладағы 17 мектеп директорына сабақты сағат 7:40-та бастау туралы айтып, оны ата-аналармен талқылауды ұсынғанын хабарлаған. Әкімдік мұны "таңғы мезгілде көшеде көлік кептелісі болмауы үшін" ұсындық деп түсіндірген. ​Бірақ кейін Астана қалалық прокуратурасы әкімдіктің сабақты ерте бастау туралы ұсынысы заңға қайшы деп ескерткен.
Подробнее:http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/perenos-nachala-shkolnyih-zanyatiy-740-utra-kosnetsya-280798/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz​

XS
SM
MD
LG