Accessibility links

ФИФА-ға қатысты тергеуде "жаңа айғақтар" табылған


Швейцария бас прокуроры Майкл Лаубер.

Швейцария бас прокуроры Майкл Лаубер.

Швейцария бас прокуроры Майкл Лаубер ФИФА-дағы коррупцияны тергеуге байланысты Швейцария Альпісіндегі бірнеше қозғалмайтын мүлік пен үй арестке алынғанын хабарлады.

Лаубердің 14 қыркүйекте мәлімдеуінше, қазір коррупциялық қылмысқа қатысты біраз айғақтар жиналып, 121 банк есепшотын тексеру басталған.

Ал АҚШ бас прокуроры Лоретта Линчтың айтуынша, АҚШ билігі Швейцария билігімен бірігіп ФИФА-дағы коррупцияға қатысты тергеу аясын кеңейткен және "жаңа айғақтар" негізінде тағы бірнеше адам тұтқындалуы мүмкін. Бірақ ол кімдердің ұсталуы мүмкін екенін нақтылап айтпады.

Мамырдың соңында ФИФА-ның жеті шенеунігі тұтқынға алынғаннан кейін федерация президенті Зепп Блаттер отставкаға кететінін мәлімдеген. Ол ФИФА-ға келесі президент сайланатын 2016 жылдың ақпанына дейін қызметін атқара тұрады.

АҚШ әділет министрлігі әзірге 14 адамға соңғы 24 жыл ішінде 150 миллион АҚШ долларынан астам қаржы пара алған деп айыптап отыр. Швейцария билігі футболдан әлем чемпионатын 2018 жылы Ресейде, 2022 Катарда өткізу құқығы қалай берілгеніне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG