Accessibility links

ЕО мигранттарды орналастыру жайлы келісімге келді


Грекия жағалауындағы босқындар (Көрнекі сурет).
Грекия жағалауындағы босқындар (Көрнекі сурет).

Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде өткен жиында Грекия, Венгрия және Италия жағалауларына келген 32 мың мигрантты бөлісіп орналастыру туралы келісімге келді.

Мамырда Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер ЕО елдерінен қырық мың босқынды орналастыруды сұраған. Ал өткен аптада ол 160 мың мигрантқа ЕО елдері квота беру керектігін айтқан.

Бұл ұсынысты Франция мен Германия қолдаса, Венгрия, Чехия және Словакия қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG