Accessibility links

Дүниежүзілік банк Астанаға 21,7 млн доллар грант берді


Дүниежүзілік банктың белгісі.

Дүниежүзілік банктың белгісі.

Қазақстан инвестиция және даму министрлігі мен Дүниежүзілік банк «Қазақстанда энерготиімділікті арттыру» жобасының басталғанын хабарлады. Жоба бойынша банк Қазақстанға 21,7 миллион доллар грант берілген.

Қаржы мемлекеттік және әлеуметтік нысандардың энергетикалық тиімділігін арттыруға, институциялық базаны, оның ішінде энергияны үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы жобаларға жұмсалуы тиіс.

Жоба мақсаты - мемлекеттік және әлеуметтік ғимараттарда, оның ішінде мектеп, балабақша, аурухана мен көшедегі жарық беруде энергияны тиімді пайдалануды қалыптастыру.

Жоба 2016 жылы Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында салынып жатқан 19 әлеуметтік нысанда (8 мектеп, 11 балабақша) іске асады. Бұл әлеуметтік нысандарды салу кезінде жоба есебінен жылу және жарық беру жүйелері ауыстырылады.

XS
SM
MD
LG