Accessibility links

Тұрсынбаева мен Тен қатысатын жарыстар анықталды


Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен.
Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаеваның 2015-2016 жылғы қысқы спорттық маусымда қатысатын жарыстары белгілі болды.

Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 22-25 қазанда Милуокиде (АҚШ) өтетін "Skate of America" және 13-15 қарашада Бордода (Франция) болатын "Trophee Eric Bompard" жарысына қатысады.

Ал биыл алғаш рет ересектер арасындағы жарысқа қатысатын 15 жастағы Элизабет Тұрсынбаева "Skate of America" және 29-30 қазанда болатын "Skate Canada" жарысына барады.

Бұл жарыстардың барлығы коммерциялық Grand Prix (Гран-при) турнирлерінің қатарына енеді.

XS
SM
MD
LG