Accessibility links

Қуғындағы Беларусь белсендісі Сивчик еліне оралды


Беларусь оппозицияшыл белсендісі Вячеслав Сивчик Минск теміржол вокзалында. 15 қыркүйек 2015 жыл.

Беларусь оппозицияшыл белсендісі Вячеслав Сивчик Минск теміржол вокзалында. 15 қыркүйек 2015 жыл.

Украинада бес жыл тұрған Беларусьтің қуғындағы оппозиция белсендісі Вячеслав Сивчик еліне оралды.

Сивчикті қыркүйектің 15-і күні Минск теміржол вокзалынан оның әйелі, анасы мен серіктері күтіп алды.

Азаттыққа берген сұхбатында Сивчик өзінің Беларуське бұл елде қазанның 11-і күні өтетін президент сайлауына байланысты және "Беларусь оппозициясының Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық саясатынан туындаған жаңа саяси жағдайда жұмыс істеу қажеттігінен" оралғанын айтты.

Сивчик Беларусьтен 2010 жылы өткен президент сайлауынан кейін билік оппозицияны қудалай бастаған соң кеткен. Украинада Сивчик Киевтегі Еуромайдан деп аталған, ресейшіл билікке қарсы толқуларға белсене қатысқан.

Өткен аптада бұрынғы президенттіктен үміткер, Чехияда бірнеше жыл қуғында тұрған Олесь Михалевич Беларуське оралған.

Беларусь президенті Александр Лукашенко тамыздың ортасында түрмедегі бірнеше оппозицияшыл саясаткер мен белсендіге рақымшылық жасаған.

XS
SM
MD
LG