Accessibility links

Кремль: Сирияға қатысты АҚШ-Ресей келіссөзі қажет


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сириядағы дағдарысты шешу үшін Мәскеу мен Вашинтон міндетті түрде диалог орнату қажет деп мәлімдеді. Песков бұл туралы бүгін Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обама Сирия мәселесіне қатысты келіссөз жүргізуі мүмкін бе деген сұраққа қатысты жауабында айтты.

Мұндай сауалдар таяуда Ресей Сирияда әскери ықпалын күшейтіп жатыр деген ақпараттардан соң көбейе бастаған.

АҚШ әскерилері 14 қыркүйекте "Ресейдің соңғы кездегі Сирияның Латакия қаласындағы әрекеттері Мәскеудің мұнда әскери-әуе базасын құру жоспары барын көрсететінін" мәлімдеген.

Пентагон баспасөз хатшысы Джефф Дэвис портты Латакия қаласына Ресей әскерилері мен құрал-жабдықтары тұрақты түрде келіп жатқанын хабарлаған.

Сирия президенті Башар Асадтың одақтасы Ресей Сирияға әскери мамандарын Дамаскінің "терроризммен күресіне қолдау көрсету үшін" жіберетінін айтады.

XS
SM
MD
LG