Accessibility links

Путин ҰҚШҰ жиынында Сирия мәселесін көтерді


Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ жиынында. Душанбе, Тәжікстан, 15 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ жиынында. Душанбе, Тәжікстан, 15 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Сирия билігімен ынтымақтастық орнатпай Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымын жеңу мүмкін емес деп мәлімдеді. Путин бұл жайлы Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында айтты.

Путин Мәскеу Башар Асад үкіметіне әскери көмегін жалғастыра беретінін айтты. Ол Мәскеудің Асадты қолдауы босқындар ағынын күшейтті деген айыптауды жоққа шығарды. Путин Ресей Асадты қолдамасы Еуропаға ағылған босқындар саны бұдан да көп болатын еді деп мәлімдеді.

АҚШ әскерилері 14 қыркүйекте таяуда Ресей әскерилері Сирияның портты Латакия қаласында белсенділігі күшейгенін, бұл Мәскеу қалада әскери әуе базасын салуды жоспарлап отырғанын көрсететінін мәлімдеген.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүгін Сирия дағдарысын шешу үшін Мәскеу мен Вашингтон арасында диалог орнату қажет екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG