Accessibility links

Путин: Мәскеу Тәжікстан қауіпсіздігіне көмек бере алады


Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ саммитінде. Душанбе, 15 қыркүйек 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ саммитінде. Душанбе, 15 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу Тәжікстанға қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсете беретінін мәлімдеді.

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммитінде сөйлеген Путин тәжік қауіпсіздік күштерінің "туындаған проблеманы еңсере алып жатқанын" айтып, Тәжікстанның Ресейдің "көмегі мен қолдауына сүйене алатынын" да ескертті.

ҰҚШҰ саммитіне ұйымға мүше Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Ресей және Тәжікстан президенттері қатысып жатыр.

Қыркүйектің басында Душанбе мен оның айналасында қарулы топ шабуыл жасап, 26 адам, оның ішінде 9 полицей қаза тапқан еді. Тәжік билігі шабуылға бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданы айыптайды. Шабуыл жасаушыларды ұстау операциясы әлі жүріп жатыр.

Путин саммитте Мәскеу Ауғанстандағы зорлық-зомбылықтың "Тәжікстан мен Орталық Азияның өзге де елдеріне таралуы мүмкін екеніне" алаңдайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG