Accessibility links

Баймағамбетовті азаптады деп айыпталушы сотталды


Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сотта отыр. Астана, 8 қаңтар 2013 жыл.

Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сотта отыр. Астана, 8 қаңтар 2013 жыл.

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының соты бүгін АК-159/6 колониясының қызметкері Руслан Поповьянды "кедендік бақылау комитетінің басшысы Серік Баймағамбетовті азаптады" деген айыппен екі жарым жылға соттады. Бұл туралы Азаттыққа облыстық соттың ақпараттық қамсыздандыру бөлімінің жетекшісі Гүлбаршын Житікова хабарлады.

- Сот бұған қоса оны кепілге босатудан қамауға алуға шешім шығарып, сот залында қолына кісен салынды. Кепілге қойылған бір миллион теңге иесіне қайтарылады. Сот Поповьяннен сот сараптаамасы үшін төленген 308 мыңнан астам теңге қаржыны өндіріп алу туралы да шешім шығарды, - деді Житікова.

Бұған дейін жергілікті агенттік 25 жастағы Поповьян сотталушы Серік Баймағамбетовті "колонияда жалаңаш күйінде еден жууға мәжбүрлеген" деп хабарлаған.

Қазақстан кедендік бақылау комитетінің сол кездегі төрағасы Серік Баймағамбетов 2012 жылы пара алған деген күдікпен ұсталып, 2013 жылы қаңтарда 10 жылға сотталған. Ол жазасын Қарағанды облысы Долинка кентіндегі қатаң тәріптегі АК-159/6 түзеу колониясында өтеп жатқан. Қазақстан президентінің 2014 жылғы қыркүйектің 9-ы күнгі жарлығына сәйкес, Серік Баймағамбетовке сот тағайындаған жаза мерзімі 10 жылдан 5 жылға қысқартылған. Ал биыл ақпанның 5-і күні ол түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Бостандыққа шығысымен Серік Баймағамбетов түрмеде өзін азаптағаны туралы колония қызметкерлерінің үстінен сотқа шағым берген.

XS
SM
MD
LG