Accessibility links

Татарстанда белсенді үш жылға сотталды


Татар белсендісі Рафик Кашапов сотта отыр. Татарстан, 10 қыркүйек 2015 жыл.

Татар белсендісі Рафик Кашапов сотта отыр. Татарстан, 10 қыркүйек 2015 жыл.

Татарстанда бүгін белсенді, Татар қоғамдық орталығының басшысы, Рафик Кашапов үш жылға сотталды. Республиканың Набережные Челны қалалық соты Кашаповты "сепаратизмге шақырды", "ұлттық белгі бойынша жаулық пен жеккөрушілікті өршітті" деп айыптады.

Кашапов өткен жылы интернетте Ресейдің Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғанын және Украина шығысындағы қақтығысқа киліккенін айыптап, мақалалар жазған.

Ол 2014 жылдың 28 желтоқсанында Түркиядан оралған соң ұсталған.

Кашапов өзіне тағылған айыптарды мойындамайды және қылмыстық істі саяси мақсатта қозғалған деп санайды.

Татар қоғамдық орталығы татарлардың ұлттық даралығын, тілі мен мәдениетін қорғау бағытында жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG