Accessibility links

Әлем чемпионаты: Жансая Әбдімәлік қола медаль алды


Шахматшы Жансая Әбдімәлік.
Шахматшы Жансая Әбдімәлік.

Ресейдің Ханты-Мансы қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік бұл жарыста қола медаль иеленді. Ал Динара Садуақасова төртінші орын алды. Алтын медальді украиналық Наталья Букса, күмісті ресейлік Алина Бивол алды.

Жарыстың сегізінші турына дейін Жансая Әбдімәлік бірінші орында тұрған. Соңғы турларда ол ресейлік Алина Биволдан, ирандық Дорса Дерахшаниден жеңіліп, ресейлік ​Александра Макаренко​мен тең түсіп, үшінші орынға төмендеді.

Қазақстандық тағы бір шахматшы Бибісара Асаубаева 24-орын алды.

XS
SM
MD
LG