Accessibility links

Темекі мен алгоголь акцизін қымбаттатуды ұсынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Азаматтық белсенділер бүгін Қазақстан үкіметіне темекі мен алкоголь өнімдеріне салынатын акцизді көбейтуді сұрап, өтініш білдірді. Олардың пікірінше, бюджет тапшылығын темекі және алкогольді өнімдерге салынатын акциздерді қымбаттату есебінен ғана "тез әрі тиімді түрде толтыруға" болады.

- Темекі мен алкогольді өнімдер акцизін 49 пайызға дейін қымбаттату бюджет тапшылығын артығымен толтырады және мемлекет бюджеті үшін жоғары әрі қауіпсіз табыс көзі бола алады, - деп мәлімдеді "Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін" ұлттық коалициясының жетекшісі Жәмилә Садықова.

Белсенділер бастамасын Қазақстан кардиологтар ассоциациясы мен "Қатерлі ісікке қарсы біргеміз" қоры қолдады.

Үндеу авторларының есебі бойынша, акциздер құнын қымбаттатса бюджетке түсетін қаржы 2,5 есеге дейін артып, 184 миллиард теңгеге дейін жетпек.

XS
SM
MD
LG