Accessibility links

Савченконы қамау мерзімі 6 айға ұзарды


Надежда Савченко.

Надежда Савченко.

Ресей соты бүгін украиналық ұшқыш Надежда Савченконы сот процесі аяқталғанша тағы ал ай қамауда қалдыруға шешім шығарды.

2014 жылдың маусым айынан бері қамауда отырған Савченкоға Ресей билігі "Украина шығысында ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар" деген айып таққан. Бұл айып бойынша 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айыбын жоққа шығаратын Савченко өзін ресейшіл сепаратистер ұстап әкетіп, шекарадан заңсыз Ресейге өткізді дейді. Ол өзін ұстауға қарсылық танытып, 80 күннен астам аштық ұстаған.

Савченконың соты бүгін Ростов облысының Донецк қаласында қайта басталған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдері Савченкоын босатуға шақырған.

Өткен айда Ростов облыстық соты Савченконың адвокаттарының сотты Мәскеуде өткізу туралы өтінішін қанағаттандырмай тастаған.

XS
SM
MD
LG