Accessibility links

АҚШ: Рим папасына "шабуылдамақ болған" жеткіншек ұсталған


 Рим папасы Франциск.

Рим папасы Франциск.

АҚШ-та Рим папасына шабуыл жасамақ болды деген күдікпен 15 жасар жеткіншек тұтқындалған деп хабарлады америкалық ақпарат құралдары.

22 қыркүйекте Рим папасы Франциск АҚШ-қа бес күндік сапармен бармақшы. Понтифик бұл сапарында Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлейді, Вашингтон мен Филадельфияға барады деп жоспарланған.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі мен федералдық тергеу бюросы (ФБР) тамыз айының ортасындағы бірлескен хабарламасында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының ықпалындағы жасөспірімнің маңызды үлкен шара кезінде шетелдік жоғары мәртебелі қонаққа шабуыл жасамақ болғаны туралы жазған деп хабарлады France Press агенттігі. Бірақ ол жоғары лауазымды мейманның нақты кім екендігі айтылмаған.

ABC News агенттігі аты-жөні аталмаған өз дереккөзіне сілтеп, жеткіншек Филадельфияда Рим папасы қатысатын шара кезінде шабуылдамақшы болған деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG