Accessibility links

Қазақстан футзал құрамасы Боснияны жеңді


Қазақстан футзал құрамасы. (Қазақстан футзал ассоциацияның сайтындағы сурет).

Қазақстан футзал құрамасы. (Қазақстан футзал ассоциацияның сайтындағы сурет).

Футзалдан Қазақстан ерлер құрамасы 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионаты іріктеуінің соңғы кезеңінде Босния және Герцеговина құрамасын 5:0 есебімен жеңді.

Сейсенбінің кешінде Боснияның Зеница қаласында өткен матч кезінде Дәурен Нұрғожин, Серік Жаманқұлов және Лео қарсылас команданың қақпасына бір-бір доптан салса, Дуглас қос гол соқты. Бразилиялық Лео мен Дуглас осыдан екі жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алып, елдің құрамасында ойнай бастаған. Қазақстан футзал құрамасын бразилиялық маман Какау жаттықтырады.

Босния және Герцеговина құрамасымен қарымта ойын 22 қыркүйекте Алматыда өтеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен құрама 2016 жылы Сербияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алады.

XS
SM
MD
LG