Accessibility links

Назарбаев Сочиге барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 12-өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Ресейдің Сочи қаласына барды.

Бүгін өтетін форумда агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланады.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Назарбаев Ресейге сапары барысында Ресей президенті Владимир Путинмен және Свердлов облысы мен Урал федералдық университетінің басшылығымен кездеспекші.

Назарбаев Сочи сапарынан кейін Қазақстанның Атырау облысына барады.

XS
SM
MD
LG