Accessibility links

KASE: доллар бағамы 283 теңгеден асты


Теңгенің доллар, еуро және рубльге бағамы жазылған электронды табло. Алматы, 14 қыркүйек 2015 жыл.
Теңгенің доллар, еуро және рубльге бағамы жазылған электронды табло. Алматы, 14 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі сауда нәтижесінде бір АҚШ долларының бағамы 283 теңге 98 тиынды құрап, бұған дейінгі мөлшерінен тағы да қымбаттады.

14 қыркүйекте доллар бағамы 273 теңге 55 тиын болған еді.

Ал ақша айырбастау орындарында долларды сату бағасы 290-291 теңгеге, ал сатып алу – 288-289 теңгеге көтерілді.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, бір АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді. Кейін Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 218,61 теңгеге дейін төмендеген.

XS
SM
MD
LG