Accessibility links

Тәжікстан: «Альфа» тобы басшысы мерт болғаны хабарланды


Рамит шатқалында жүріп жатқан арнайы операцияға қатысушылар. Тәжікстан, 7 қыркүйек 2015 жыл. (Видеодан скриншот).

Рамит шатқалында жүріп жатқан арнайы операцияға қатысушылар. Тәжікстан, 7 қыркүйек 2015 жыл. (Видеодан скриншот).

Тәжікстандағы Рамит шатқалында елдің қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, қашқын генерал Абдухалим Назарзодаға қарсы арнайы операция кезінде сейсенбі күні кешке тәжікстандық қауіпсіздік күштерінің кемінде екі қызметкері қаза тапқан.

Мерт болғандар – Тәжікстан ұлттық қауіпсіздігі мемлекеттік комитетінің «Альфа» арнайы тобының жетекшісі, 41 жастағы полковник Рустам Амакиев пен оның қарамағында қызмет атқарған адам деп хабарлады Азаттықтың Тәжік қызметі.

Сонымен бірге, сейсенбі күні Рамит шатқалын шолуға шыққан әскери тікұшақтың артқы жақ бөлігіне оқ тиген соң қонуға мәжбүр болғаны, бірақ ешкім зардап шекпегені туралы хабарланды.

Рамит шатқалында генерал Назарзоданы іздестіру операциясы қыркүйектің 4-інен бері жалғасып жатыр.

Бұған дейін арнайы операция барысында 100-ден аса адам ұсталып, 20-ға жуық күдікті мерт болғаны, құқық органдары жағынан 9 адам қаза тауып, оннан аса адам жараланғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG