Accessibility links

Доллар бағамы 300 теңгеге жақындады


Теңгенің шетел валюталарына бағамы. Алматы, 16 қыркүйек 2015 жыл.

Теңгенің шетел валюталарына бағамы. Алматы, 16 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан банктерінде бүгін АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 300 теңгеге жақындады. Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгі сауда сессиясында доллар бағамы 283 теңге 98 тиынды құрап, бұған дейінгі мөлшерінен тағы қымбаттаған.

"Қазақстан Халық банкінің" ресми сайтында долларды 298,01 теңгеден сатып алып, 299,99 теңгеден сатып жатқаны хабарланған. Ал "Казкоммерцбанкте" сатып алу 291,76 теңге, сату 295,30 теңге болып тұр. "Евразийский банктің" ресми сайты долларды 296 теңгеден сатып алып, 297,9 теңгеден сатып алып жатқанын хабарлайды. Басқа коммерциялық банктерде де доллардың сатып алу-сату бағамы 295-299 теңге аралығында.

Ақша айырбастау орындарында да доллар бағамы көтерілген.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, бір АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді. Кейін Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 218,61 теңгеге дейін төмендеген.

XS
SM
MD
LG