Accessibility links

Facebook "Ұнамайды" опциясын шығарады


Facebook компаниясының негізін салушы Марк Цукерберг.
Facebook компаниясының негізін салушы Марк Цукерберг.

Facebook әлеуметтік желісінде "Ұнамайды" деген жаңа опция пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Facebook-тің Калифорниядағы штаб-пәтерінде өткен конференцияда компанияның негізін салушы Марк Цукерберг хабарлады. Ол компания кейбір қолданушылардың мұндай опция шығура туралы өтінішін ескеріп, оны дайындап жатқанын айтады.

Цукербергтің сөзінше, Facebook-тегі кейбір жазбаларға, мысалы қайғылы оқиғаларға "Ұнайды" опциясын басу ыңғайсыз. Бірақ ол "Ұнамайды" опциясы басқа адамдардың жазбасына "қарсы дауыс беру" функциясына ұқсамайтынын айтады.

Цукерберг жаңа опция таяуда сынақтан өтеді дейді.

Facebook таяуда бір айдағы қолданушылар саны 1,5 миллиард адамнан асып, әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіге айналғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG