Accessibility links

Мәжіліс ҚХА туралы заңға өзгертуді мақұлдады


Парламент мәжілісі, Астана (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісі, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінің депутаттары бүгін "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.

Жобаны дайындаған мәдениет және спорт министрлігі түзетулер Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) міндеті мен қызметін кеңейтуге мүмкіндік береді дейді. Билік ҚХА қызметін кеңейту президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған "Мәңгілік ел" идеясын іске асыру қажетігінен туған дейді. Заң жобасын дайындағандар құжатта ҚХА-ның институт ретіндегі рөлін күшейтіп, қазақстандықтардың бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға "жағдай жасайтын" тетіктер бар дейді.

ҚХА 1995 жылы президент жанындағы кеңес беру органы ретінде құрылған. Ассамблеяны президент басқарады. ҚХА биыл ақпанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынған. ҚХА мұны "елді әлемдік дағдарыстан табысты алып шығу үшін жаңадан жалпыхалықтық мандат беру қажет" деген.

XS
SM
MD
LG