Accessibility links

Сербиядағы босқындар Хорватияға кете бастады


Хорватияға жеткен босқындарды полиция тіркеу үшін әкетіп барады. Хорватия, 16 қыркүйек 2015 жыл.
Хорватияға жеткен босқындарды полиция тіркеу үшін әкетіп барады. Хорватия, 16 қыркүйек 2015 жыл.

Батыс Еуропаға жету үшін Сербияға барған мигранттар Венгрия шекарасын жапқан соң Хорватияға кете бастады.

Сербиялық ақпарат құралдары 16 қыркүйекте мигранттар мінген 10 автобус елдің оңтүстіктегі Македониямен шекарасынан батыстағы Хорватиямен шекарадағы Сид қаласына келгенін хабарлады. Reuters тілшісі 100-ден астам мигрант егістік алқапты кесіп өтіп Хорватияға кіріп бара жатқанын көргенін хабарлаған. Хорватия полициясы мигранттардың алғашқы тобын қоршап алып, тіркеуге әкеткен.

15 қыркүйекте Венгрия Сербиямен шекарасына тікенек сымтемір тартып, елге Батыс Еуропа елдеріне өту үшін кірмек болған мигранттарды ұстай бастаған.

Amnesty International халықаралық ұйымы бұған дейін мигранттарды "әскери күшпен қарсы алу естен тандыратынын" мәлімдеген.

Бірақ Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан "христиандар тұрып жатқан Еуропаны құрлыққа толассыз келіп жатқан мұсылмандардан қорғау үшін" әрекет етіп жатқанын айтып, шекарада бақылауды күшейту шараларын қолдаған.

Кейбір деректер бойынша, Еуропа Одағы елдеріне 2015 жылдың басынан бері 500 мыңнан астам мигрант кірген. Олардың көпшілігі - Сирия, Ирак пен Ауғанстандағы соғыстан бас сауғалап қашқандар.

XS
SM
MD
LG