Accessibility links

Кремль: Путин Обамамен кездесуге қарсы емес


Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Кремль Ресей президенті Владимир Путин осы айдың соңында Нью-Йоркке БҰҰ Бас ассамблеясы жиынына барғанда АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуге қарсы емесін мәлімдеді. "Президент Путин диалогқа, әсіресе әріптесі президент Обамамен кездесуге қашан да қарсы емес" деді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Бірақ ол Путин Обамамен кездесуді жоспарламағанын айтты.

Ал Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнест Обама мен Путин Нью-Йоркте кездесуі мүмкін екенін айтқанымен, ол туралы нақты бір жоспар жоғын мәлімдеді.

"Әрине, екі президент бір уақытта бір жерде болатындықтан кездесіп қалуы мүмкін" деді Джош Эрнест.

Путин 28 қыркүйекте Нью-Йоркке барып, БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлейді.

Обама мен Путин соңғы рет 2014 жылдың қарашасында Пекинде өткен Азия-Тынық мұхиты елдері экономикалық ынтымақтастығы саммитінде кездескен.

Өткен жылы басталған Украинадағы дағдарыс АҚШ-Ресей қарым-қатынасын қырғи-қабақ соғысы кезеңінен бері болмаған деңгейге дейін нашарлатып жіберген.

XS
SM
MD
LG