Accessibility links

Назарбаев: Дағдарысқа бірінші рет тап болған жоқпыз


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті ВВладимир Путин 12-аймақаралық ынтымақтастық форумында. Сочи, 16 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті ВВладимир Путин 12-аймақаралық ынтымақтастық форумында. Сочи, 16 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің бірінші рет дағдарыс пен құлдырауға ұшырап отырмағанын мәлімдеді деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Назарбаев бұл туралы бүгін Сочиде 12-аймақаралық ынтымақтастық форумында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде айтқан.

Біз дағдарыс пен құлдырауды, қайта көтерілуді бірінші рет бастан кешіп отырған жоқпыз. Бұған байсалды түрде қарап, сауда-саттықты ұлғайту мәселелерін шешу жолдарын іздестіру керек" деген Назарбаев.

Назарбаев экономикада тұрақсыздық байқалған кезеңде аймақаралық кездесудің "маңызы зор" екенін айтқан.

Аймақаралық форум биыл 12-рет өтіп отырғанын айтқан Путин биыл азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін талқылау үшін кездескендерін айтқан. Ол қысқы олимпиададан соң қазақстандықтардың Сочиге баруға "ынтасы артатынына" сенім білдірген.

Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы жыл сайын екі елде кезекпен шекаралас облыстарда өтіп тұрады.

XS
SM
MD
LG