Accessibility links

Тәжікстан: «Полицияға шабуылдаған» генерал өлтірілді


Тәжікстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, генерал Абдухалим Назарзода.
Тәжікстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, генерал Абдухалим Назарзода.

Тәжік билігі қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, қарулы тобымен бірге Ромит шатқалына тығылды делінген генерал Абдухалим Назарзоданың өлтірілгенін хабарлады.

Бұл деректі Тәжікстан ішкі істер министрлігі мен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті растады. "2015 жылы 16 қыркүйек күні сағат 14.00-де Абдухалим Назарзоданың бандалық тобын жою жөніндегі антитеррорлық операция толық аяқталды" делінген ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратта.

Арнайы қызмет дерегінше, Назарзоданың тобы ел астанасы Душанбеден 130 километр жердегі Ромит шатқалының Гусгев деген жерінде қамалған.

Тәжік қауіпсіздік күштерінің Назарзоданың қарулы тобына қарсы арнайы операциясы қыркүйектің 4-інде – Вахдат және Душанбе қалаларындағы милиция қызметкерлеріне шабуылдан кейін құқық қорғау органдарының тоғыз қызметкері қаза тапқан соң басталған. Билік бұл шабуылдарға Назарзоданы айыптаған.

Құқық қорғау органдары арнайы операция басталғаннан бері топтың 100-ден аса мүшесі ұсталып, 20-дан астамының көзі жойылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG