Accessibility links

Пан Ги Мун Венгрия премьерімен мигранттар жайлы сөйлесті


Венгер полициясы Сербиямен шекарада мигранттарға жас ағызатын газ шашты. 16 қыркүйек 2015 жыл.
Венгер полициясы Сербиямен шекарада мигранттарға жас ағызатын газ шашты. 16 қыркүйек 2015 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сербия шекарасы маңында босқындармен қақтығысқан Венгрия полициясының қылығына алаңдаушылық білдірген.

Бас хатшы осы жайтқа байланысты Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлескен.

16 қыркүйекте шекарадағы мигранттар Венгрия полициясына тас пен кірпіш лақтырып қарсылық білдірген. Ал полиция оларға қарсы көзден жас ағызатын газ, су бүріккіш құралдар қолданған.

Венгрия үкіметі «мигранттардың қолында қару болды» деп мәлімдеді.

Сербия ішкі істер министрі Небойса Стефанович мигранттарды бақылау үшін серб-венгр шекарасына қосымша күш жіберілетінін айтқан.

XS
SM
MD
LG