Accessibility links

Украина Ресейге жаңа санкциялар енгізді


Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысында жоспарланған «заңсыз сайлауларға» байланысты ресейлік бірқатар саясаткерлер мен компанияларға, сонымен қатар ВВС және германиялық, испаниялық басылымдармен жұмыс істейтін журналистерге қатысты бұған дейін енгізілген санкцияларды созып, оған қоса жаңа санкциялар енгізді.

Порошенко мұндай шешім «Луганск және Донецкіде жарияланған заңсыз сайлауға жауап ретінде қабылданған».

Өзін-өзі Донецк облысының басшысы деп жариялаған Александр Захарченко жергілікті кеңестің сайлауы 18 қазанда өтетінін мәлімдеген. Луганск облысында сайлау 1 қарашаға тағайындалғаны жарияланған. Ал Украинадағы жергілікті кеңестер сайлауы 25 қазанға жоспарланған. Минскіде қол қойылған бейбіт келісімде Украинаның барлық аймағында сайлауды бір күнде өткізуге шақырған тармақ бар.

Жаңа санкциялар тізіміне 400 адам мен 90 компания енген. Олардың арасында Ресей қорғаныс министрі, мемлекеттік дума спикерлері, «Аэрофлот» және «Газпромбанк» компаниялары, сол сияқты Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер жетекшілері бар.

Бұған қоса тізімге Мәскеуде істейтін ВВС журналистері, германиялық Die Zeit және испаниялық El Pais басылымдарының тілшілері, ресейлік ТАСС, НТВ, «Известия» және «Российской газета» баспасөз құралдарының тілшілері енгізілген.

ВВС редакторы Эндрю Рой Азаттыққа берген сұхбатында Киевтің бұл әрекетін «сөз бостандығына шабуыл» деп бағалаған.

XS
SM
MD
LG