Accessibility links

Доллар бағамы 270 теңгеге түсті


Айырбастау пунктеріндегі доллар құны. Алматы. 17 қыркүйек 2015 жыл.
Айырбастау пунктеріндегі доллар құны. Алматы. 17 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бүгін таңертеңгі сауда нәтижесінде бір АҚШ долларының бағамы 270,11 теңгеге дейін төмендеді.

Сәрсенбі күні айырбас орындарында АҚШ долларының бағамы 300 теңгеге жеткеннен кейін Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

Қазір Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар құны 270-272 теңгені құрап тұр.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, бір АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді.

16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілді.

XS
SM
MD
LG