Accessibility links

Астанада кейбір ақша айырбастау орындары жабық тұр


Астанада жабық тұрған ақша айырбастау пункті. 17 қыркүйек 2015 жыл.

Астанада жабық тұрған ақша айырбастау пункті. 17 қыркүйек 2015 жыл.

Астанада бүгін жекеменшік ақша айырбастау орындарының кейбірі жабық тұр.

Қала тұрғындарының айтуынша, ақша айырбастау пунктерінің біразы таңертеңнен ашылмаған. Ал жұмыс істеп тұрған кейбір ақша айырбастау орындары валютаны тек сатып отырса, енді біреулері тек сатып алумен ғана айналысып жатыр. Тек екінші деңгейлі банктерде ғана валютаны сату және сатып алу операциясы қатар жүргізіледі.

Сәрсенбі күні бір доллардың құны 300 теңгеге жеткеннен кейін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдаған еді. Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі сауда нәтижесінде бір АҚШ долларының бағамы 270,11 теңгеге дейін төмендеген.

XS
SM
MD
LG